14 маусым 2014 15:44

Каспий теңізі тасып, Атырау облысын су шаюы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізі. Сурет on.kz сайтынан алынды Каспий теңізі. Сурет on.kz сайтынан алынды

Каспий суының көтерілуі салдарынан Атырау облысын су басып қалуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне облыстық әкімдіктегілер.


Каспий суының көтерілуі салдарынан Атырау облысын су басып қалуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне облыстық әкімдіктегілер.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жергілікті департамент 15 және 16 маусымда Каспий суы кенерінен асып, тасуы мүмкін деп ескертеді. Салдарынан Атырау облысын су басып қалуы ықтимал, ең бірінші кезекте теңіз жағасына жақын орналасқан елді-мекендер қауіптенуі тиіс, мәселен Пешной поселкесі. Теңіз жағалауынан бері 5-7 шақырым аумақты су басуы ықтимал. Әкімдікте осы мәселеге қатысты шұғыл кеңес те өтті. Еркінғали, Атырау, Кенөзек, Дамбы ауылдық округ тұрғындары, сондай-ақ Зинеден және Жанбай ауылдарына болуы ықтимал апатқа байланысты көшуге дайын отырулары сұралып отыр. Олар қажетті құжаттарын жинастырып, ең бірінші кезектегі керек-жарақтарын, киім-кешектерін, азық-түліктерін сөмкеге салып, дайын отыруы керек.

Соңғы рет Атырау облысында қатты су тасқыны үш жыл бұрын болады деп күтілген. Ол кезде Индер және Махамбет аудандарына қызыл су келе бастағанда жергілікті шұғыл әрекет ету қызметі аяғынан тік тұрып, апатты жағдайдың алдын алуға жұмылдырылған. Жанар-жағармай мен азық-түлік қоры да құрылған болатын. Синоптиктердің болжауынша, қар еру кезінде Орал өзені 4-4,5 метрге көтерілуі ықтимал болатын. Алайда ол кезде жағдай шегіне жетпей оңтайлы шешілген еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети