Қазақстан азаматы 10 мың теңгеге мигранттарды шекарадан заңсыз өткізіп тұрған

11 Мамыр 2014, 12:12
0
Қазақстан азаматы 10 мың теңгеге мигранттарды шекарадан заңсыз өткізіп тұрған - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырушы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы Меркі өткізу тұрағы мен Тараз шекара жасағының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Қырғызстанға жаяу бара жатқан Қазақстанның 24 жастағы азаматын ұстады. "Ұсталған адам "Сыпатай батыр" шекара заставасы мен шекаралық бақылау жасағының учаскесінде заңсыз көші-қон ұйымдастырған. Оның тұрақтан және оны айналып өтіп, бір заңсыз мигрантты өткізгені үшін заңсыз сыйақы - 10 мың теңге алғаны туралы мәлімет бар", - делінген Шекара қызметінің хабарламасында.

Күдіктіні ұстау кезінде одан ақша, ұялы телефон, құжаттар мен Volkswagen Passat көлігі тәркіленді. Шекарашылардың айтуынша, осы көлік заңсыз көші-қон үшін пайдаланылған қылмыс құралы болған. Қазір бұл оқиға құқық қорғау органдарына хабарланды. Меркі аудандық прокуратурасы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 330-2-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында да шекара тәртібін бұзған бір адам ұсталды. 28 жастағы қазақстандық Жетісай шекара жасағының "Н.Бұхарбай" заставасы арқылы Өзбекстанға 11 бас мүйізді ұсақ мал айдап өтпек болған. Шекарашылар бұл адам туралы құқық қорғау органдарына хабар берді.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай