23 қараша 2015 11:23

Қазақстан азаматы Ресейге көрпенің астына жасырынып өтпекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ресей ФҚҚ Шекара басқармасының баспасөз қызметі © Ресей ФҚҚ Шекара басқармасының баспасөз қызметі

Қазақстан азаматы көрпенің астына жасырынып, Ресейге өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан азаматы көрпенің астына жасырынып, Ресейге өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе шекара отрядына қарасты (Қазақстан-Ресей шекарасы) "Жайсаң - авто" көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары қарашаның 23-не қараған түні, сағат 23.55-те елімізден Ресейге қарай кетіп бара жатқан "Мерседес" жүк автокөлігін тексеру барысында, көліктің жатын бөлігіндегі көрпе-жастықтың арасына жасырынған адамды тауып алды. Осындай жолмен мемлекеттік шекарадан жасырынып өтпек болған адам 1988 жылы туған отандасымыз болып шықты", - деп хабарлады шекара қызметіндегілер.

Оған Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тыйым салынған екен. Мәселені осындай жолмен шешуге бел буған ол енді ҚР Қылмыс кодексінің 392-бабының 1-бөлігі ("Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып, заңсыз өтуге тырысу") бойынша жауапқа тартылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети