12 желтоқсан 2014 16:30

Қазақстан азаматы Украинада қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан азаматы Украинада қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық №2 Сарыарқа аудандық сот залынан. Істі Галина Былқылова жүргізіп жатыр. 


Қазақстан азаматы Украинада қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық №2 Сарыарқа аудандық сот залынан. Істі Галина Былқылова жүргізіп жатыр. 

Евгений Вдовенко ҚР Қылмыстық кодексінің 162-1-бабымен - "Шетел қарулы қақтығыстарына қатысу" бойынша айыпталып жатыр. Ол өз кінәсін мойыдады. "Қастық жасайтын ойым болған жоқ. Қылмыс жасап, заңды бұзғанымды мойындаймын", - деп жауап берді ол прокурордың сұрағына.

Сот отырысы кезінде айыпталушыдан болған оқиға туралы өз сөзімен айтып беру сұралды. Вдовенконың айтуынша, ол БАҚ-тың көмегімен Украинада болып жатқан жағдайды бақылап отырған. 

"Одессадан кейін мен сол жаққа баруым керек деп шештім. Мен Қазақстанда туып-өстім, ағамның әйелі қазақ. Жақсы көретін қызым - татар. Ұлтшылдыққа жаным қарсы. Бұл адамшылдық емес. Ресейдегі жігіттермен хат алмастым, ерікті жасақтарды іздей бастадым. Таптым, жазылдым, бірақ менің баруыма қарсы болды, өзім әскерге бармағанмын. Онда да, мында да қарсы болды. Нәтижесінде Дондағы Ростов қаласынан шақырту алдым. Бардым, ол жақта мені балалар күтіп алды. Шамамен бір апта сонда болдық та, барлық елден топ адам жиналдық: Әзірбайжан, Ресей, Дағыстан. Содан кейін Краснодон қаласына бардық, сол жақта бірнеше күн болдық. Әскерге бармағандарға қауіпсіздік техникасы түсіндірілді, басымызды шығармауымыз керектігін, минаны баспауымыз керектігін, минаның қандай болатынын көрсетті", - деді ол.

"Одан кейін Луганскіге бардық, ол жақта бір ай болдым. Қала үш жақтан қоршалыпты, бір ғана бағытқа жол болды. Онда өрт сөндірдік, диверсанттарды ұстадық, коменданттық патруліне түнде шығып тұрдық, гуманитарка апарыстық, жолды күзеттік, бұл - Ресей жаққа кететін жалғыз жол болды, осы жолмен босқындар шығып кетіп жататын. Содан кейін мен үйге қайттым. Өкпем қабынып ауырдым. Қазақстан - Ресей тіркеуінің мерзімі аяқталды. Ол жақта 90 күн, ал мен шамамен 70 күн болдым. Келдім де жұмысқа тұрдым", - деді Вдовенко. 

Қорғаушы одан біреуге не үшін және қайда бара жатқанын сұрағанда ол ешкімге ештеңе айтпағанын хабарлады. Адвокат одан іске кіріктірілген сурет туралы сұрады. "Иә, бұл Краснодон қаласында түсірілген, ол жақта бір диверсиялық топ болған, одамдар тұратын кварталдарды: техниканы, аурухананы атқан", - деп жауап берді ол. 

Вдовенконың айтуынша, ол ешкімді өлтірмеген. "Атыс болды, бірақ ондайдан аулақпын, тіпті әскерде болмадым, қатты қорықтым", - деді ол. Айыпталушының сөзінен кейін сот процесі жабық түрде өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети