13 желтоқсан 2014 11:38

Қазақстан СІМ ғимараты бір сағат бойына жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі. Сурет - Тұрар Қазанғапов ҚР Сыртқы істер министрлігі. Сурет - Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның  Сыртқы істер министрлігі бір сағат бойына электр энергиясыз отырды деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"12 желтоқсанда шамамен кешкі 19.00-де  "Левобережная" стансасындағы техникалық ақаулардың салдарынан 10 кВ фидер сөніп қалған. Соның салдарынан Астанадағы бірқатар ірі нысандар: Қазмедиа орталығы, Transport Tower және ҚР Сыртқы істер министрлігі жарықсыз қалды" делінеді баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Құзырлы мекемедегілер электр жөндеу бригадасының белсенді әрі шұғыл атқарған жұмысының арқасында ғимараттардағы ток сағат 20.00-де қалыпқа келтірілгенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети