Қазақстанда барлық балабақшада бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін

29 Тамыз 2018, 15:45
0
Қазақстанда барлық балабақшада бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін - © vestikavkaza.ru
© vestikavkaza.ru

Қазақстанда барлық балабақшада бейне камераларын орнату қажет. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Теміртаудағы тәрбишіге қатысты шыққан дауға қатысты пікір білдіру барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бейнебақылау камералары толықтай орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біз осыны 63 пайызға жеткізуіміз керек, бұл өте маңызды жұмыс", - деді министр.

Оның айтуынша, камераларды орнату балалардың құқығы бұзылмауына едәуір септігін тигізеді.

"Білім беру ошақтарында балалардың құқығы бұзылуы шиелініскен жағдай. Мен мұнымен келісемін. Бірінші кезекте қызметкерлердің сапасын жақсарту керек, психолог мен социолог мамандарды тарту қажет. Мектеп мұғалімдері, яғни әлеуметтік қызметкер мен психологтар үшін жеделтетілген түрде квалификация деңгейін жоғарылату курстарын бекітуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ тәрбиешілерді де осы тізімге қосамыз. Біздің ойымызша, барлық психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер және болашақ тәрбиешілер ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі тиіс", - деді Ерлан Сағадиев.  

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жарты жыл сайын білім басқармасының қызметкерлері жеке балабақшаларды тексере алатын болады.  

Еске сала кетейік, мұның алдында Теміртауда тәрбиешінің баланы ұйықтату үшін қылғындырғаны жайлы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай