09 қаңтар 2018 10:22

Қазақстанда екі күнде 33 адам газдан уланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1news.az © 1news.az

ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Демалыс күндері 2018 жылғы 6 және 7 қаңтарда республика бойынша 33 адам (соның ішінде 25 бала) улы және табиғи газдан уланған, 1 адам көз жұмған.

"2018 жылғы 6 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшілдер ауданы Шелек ауылында жеке тұрғын үйде улы газбен уланған 6 бала ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы.
2018 жылғы 7 қаңтарда Алматы облысы Талдықорған қаласында жеке түрғын үйде қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы салдарынан 9 бала улы газбен уланып ауруханаға жеткізілді, дәрігердің қарауынан кейін 5 адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы.
2018 жылғы 6 қаңтарда Астана қаласындағы Есіл ауданында "Труд" бау-бақша қоғамындағы тұрғын саяжайда улы газбен улану салдарынан 9 бала ауруханаға жатқызылды, оның 6-ауы қонаққа келген. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы", - делінген хабарламада. 

2018 жылғы 6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаихинский ауданының Белый Камень кентінде және Глубоковский ауданы Прапорщиков ауылында өздерінің жеке тұрғын үйлерінен улы газбен уланған 1966 және 1971 жылдары туған әйел адамдар ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығы.

"2018 жылғы 6 қаңтарда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы Мамыр шағын ауданында жалға алған жеке тұрғын үйде 5 адам табиғи газбен уланды, соның ішінде 1993 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал қалған 4 адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себебі – табиғи газбен жанатын жылыту пешінің ақаулығы.
7 қаңтарда Қостанай облысы Қостанай-2 қаласында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 1997 жылы туған әйел адам мен 2007 жылы туған бала улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды.
2017-2018 жылдары жылыту кезеңінде (2017 жылғы 15 қазан мен 31 желтоқсан аралығында) улы және табиғи газбен улану салдарынан 24 адам көз жұмды, 149 адам жарақаттанды", - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында. 

Адамдардың көбі түтіндіктің бекітілуі салдарынан көз жұмған - тұрғын секторда улы газбен улану салдарынан қаза болғандардың саны 11 адам немесе 46 пайызы, пеш конструкциясының күюі және жарықшақтары салдарынан 8 адам (34 пайыз), тұрмыстық газ құрылғысын пайдалану кезінде талаптардың бұзылуы - 4 адам (17 пайыз), ақауы бар пеш жабдықтарын пайдалану салдарынан 1 адам (3 пайыз) көз жұмды.

Улы газ көбінесе уланудың себебі болып табылады. СО улы газы - толыққанды жанбаудың өнімі және күшті улы зат. Көбінесе, улы газбен улану - маусымдық құбылыс, оның шарықтау шыңы негізінен күз және қыс айларына келеді, ол кезде адамдар электр құралдарын және пешпен жылытуды пайдаланады. Жылыту пештерін пайдаланатын тұрғын-үй секторының тұрғындары үшін осы кезең аса қауіпті. Ал жылыту пештерін пайдалану қағидаларын бұзу улы газбен улану сияқты қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырады.

Өрттерде адамдардың қаза болуына жол бермеу, азаматтардың жеке мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында ҚР ІІМ ТЖ комитеті аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері халық арасында тұрақты негізде үгіт-насихаттау жән епрофилактикалық жұмыстар (халық пен жиындар, аула-ауланыаралау, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін жұмылдыру арқылы рейдтік іс-шаралар) жүргізеді.

Мәселен, жылыту маусымының басынан бастап азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 48 мыңнан астам рет аула-ауланы аралау жұмыстарын жүргізді,онда жалпы саны 968,2 мың адам қамтылды. Тұрғын секторда 5 мыңға жуық жиналыс және жиын ұйымдастырылды, онда 95 мыңнан астам адам қамтылды. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын адамдардың тұрғылықты жерлерінде өткізілген рейдтердің саны 7,3 мыңды құрады. ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге 3 мыңнан астам рейд өткізді.

Оқу орындарында 277 интерактивтік сабақ ұйымдастырылды, онда 2862 оқу орны, 112 485 оқушы қамтылды. Ұйымдардың қызметкерлерімен 7 мыңға жуық нұсқаулық, дәріс және әңгімелесу өткізілді. Өткізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықты анықтау және өрттерге жол бермеу бойынша өзінің айтарлықтай үлесін қосатыны сөзсіз. Бірақ, анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда өзінің және туғандарының өміріне төнетін қауіпті саналы түрде түсінетін адамдардың бөлігінде ғана. Көбінесе, адамдардың көбісі жағдайды жете бағаламай, өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын елемей қайғыға душар болып жатады.

Бүгінгі күні адамдардың улы газбен улануына жол бермеу мақсатында тұрғын үйлерге улы газ датчиктері мен улы, табиғи және сұйытылған газ концентрациясын шектеулі түрде берілуін анықтайтын газ анализаторлары бар. Осы датчиктер газдың шектеулі нормадан шығуына уақытылы ден қоюға және қайғылы оқиғаға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөнге келтіру, пеш конструкциясындағы жарықшаларды майлау, түтіндіктерді тазалау және т.б. қажет.

Осы орайда ҚР ІІМ ТЖ комитеті ел тұрғындарын осы салада сақ болуға шақырады. "Құрметті азаматтар!
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстарға, тұрғын сектордың аула-ауласын аралау жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, оның аясында Сіздер өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша кеңес ала аласыздар. Сонымен қатар халық арасында өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарын анықтаған жағдайда өрттер мен қайғылы оқиғаларға жол бермеуге уақытылы ден қою үшін Төтенше жағдайлар департаменттерінің (аумақ бойынша) сенім телефондарына хабарлауларыңызды сұраймыз", - делінген ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети