27 қазан 2015 16:52

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орнына тестілеуден өткен қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметке тұру үшін азаматтарды тестілеуден өткізіп берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ қолдан жасалған куәлік пен кандидат туралы ақпараттар арқылы тест тапсырған.

"14 адамнан тұратын топтың Қазақстанның қалаларында тестілеуден өткені белгілі болды. Өз қызметтері үшін олар 4-5 мың АҚШ долларын алған", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Талдықорған мен Алматыда мемлекеттік қызметке тұру үшін тапсырылатын тесттен заңсыз өту кезінде бірнеше адам ұсталды. Олардың қолында жалған куәлік пен тестілеуден өткендігі туралы сертификаттар болды.

"Ұйымдасқан топ 2014 жылдың тамызынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін заңды білетіндігі туралы тест тапсырып, 120 сертификат алған. Қазір сертификат иелері мемлекеттік қызметте жүр", - деп хабарлады агенттік. 

Қазір ұйымдасқан топтың мүшелері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети