20 сәуір 2016 15:59

Қазақстанда соңғы екі жылда жаңадан босанған 97 әйел қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Klinika29.ru © Klinika29.ru

Қазақстанда соңғы екі жылда жаңадан босанған 97 әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, ана өліміне көбіне туберкулез бен онкологиялық аурулар себеп болып отыр.

2014 жылы Астанадағы перзентханада ана өлімі 4 рет тіркелсе, 2015 жылы екі рет тіркелген. Министрлік әрбір ана өлімі кезінде мамандардың қатысуымен сараптама жүргізеді екен.

Айта кетейік, 2015 жылы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті қызметкерлері тексеріс нәтижесінде 937 әкімшілік хаттама толтырып, жалпы сомасы 18,4 миллион теңге айыппұл салған. Оның ішінде тәртіп, стандартты сақтамау деректері бар. Сонымен қатар, медициналық көмекті сапасыз көрсеткені үшін 321 хаттама толтырылып, 6,1 миллион теңге айыппұл салынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети