09 сәуір 2016 17:09

Қазақстанда су тасқынына байланысты мыңға жуық адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІД ТЖК © ҚР ІІД ТЖК

Су тасқынының салдарынан Қазақстанда мыңға жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасына сілтеме жасап.


Су тасқынының салдарынан Қазақстанда мыңға жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

"Қазақстанда 19 аудан, 6 қала мен 5 облыста жалпы алғанда 43 елді мекенді су басты. Су тасқыны басталғалы бері 513 үй су астында қалды, оның ішінде 201 үй әлі су астында қалып отыр, 20,674 шақырым автожолдың 190 учаскесінде су деңгейі көтеріліп, жол шайылып кетті, бүгінгі таңда 10,572 шақырым жолдың 115 учаскесі қалыпқа келтіріліп, 2 көпірді су алды. Төтенше жағдайлар аймағынан 961 адам көшіріліп, 17 адам құтқарылды. 464 адам өз үйлеріне оралып, 468 адам туыстарының үйіне және 29 адам эвакуация пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, су тасқынынан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстары зардап шекті.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар аймағында 34 274 метр бөгет тұрғызылды, 116 769 инерциялы материалы бар қап жиналып, 736 498,62 текше метр қызыл су сорылды. "Апаттан құтқару жұмыстарына 3909 адам жұмылдырылды. 1079 техника мен 41 жүзуге арналған құралдар, 236 су сору құрылғылары, оның ішінде басқа өңірлерден 403 адам мен 82 техника және 29 мотопомп алынды. Бұдан басқа Астанада жоғары деңгейлі дайындықтан өткен 104 маман, 19 техника, 11 жүзу құралы мен 2 мотопомп бар", - деді комитеттегілер.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети