13 желтоқсан 2016 17:03

Қазақстанда тұңғыш рет iPhone смартфоны жарылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz оқырманы жіберген сурет © Тengrinews.kz оқырманы жіберген сурет

Қостанай тұрғынының iPhone смартфоны жарылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғын құрылғыны бір жыл және бір ай қолданған. 


Қостанай тұрғынының iPhone смартфоны жарылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғын құрылғыны бір жыл және бір ай қолданған. 

Мария Есенгельдина 25 қазанда Sulpak дүкенінің қостанайлық филиалында iPhone сатып алған, алайда ол 2016 жылы 27 қарашада жарылып кеткен. "Ең бастысы менің сәбиім зардап шегуі мүмкін еді. Ол қасымда болғанда не істер едім, тіпті білмеймін. Мен біреуге қоңырау шалып жатқанымда жарылғанда не болар еді? Мен онда құлақсыз не көзсіз қалар едім!", - дейді Қостанай тұрғыны. 

Есенгельдина телефонның жарылған сәтін видеоға түсіріп алмағанына өкінеді. Телефон несиеге алынған және құны 250 мың теңге екен. Осыдан кейін ол ақшаны қайтарып алу үшін заңгерлердің көмегіне жүгініп, дүкенге барған, алайда дүкен әкімшілігі кепіл мерзімі бір жыл екенін айтып, ешқандай да ақша қайтарылмайтынын айтқан. Соған ашулы Мария "Қажетті құжаттардың барлығын көрсеттім, бұл мәселемен заңгерлер айналыссын. Бір жыл және бір ай ғана жұмыс істейтін телефон болғаны ма сонда?" дейді.

Есенгельдинаның заңгері Дмитрий Горбуновтың айтуынша, кепіл мерзімі өтіп кетсе де ақшаны қайтаруға болады, тек телефонның өздігінен жарылып кеткенін дәлелдеу қажет. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүріп жатыр. 

Сонымен қатар, "Арена S" ЖШС PR және жарнама департаментінің директоры Александр Журлов Tengrinews.kz тілшісіне телефонды ол азаматқа ауыстырып беретінін айтты. Ақшалай берілмейді, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр, сондықтан да біздің клиентіміз болғанын ескере отырып, оның телефонын ауыстырып береміз. Ақшалай қайтарамыз ба, орнына телефон береміз бе - өз еркімізде", - деді Журлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети