12 желтоқсан 2015 17:03

Қазақстандық белгілі заңгер Михаил Кленчин қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dixinews.kz © Dixinews.kz

Қазақстандық белгілі заңгер Михаил Кленчин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қорына сілтеме жасап.


Қазақстандық белгілі заңгер Михаил Кленчин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қорына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай 35 жасында Қазақстан Республикасының дарынды заңгерлерінің бірі Кленчин Михаил қайтыс болды. Қайтыс болу себебі анықталып жатыр. Оның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Михаил Кленчиннің қайтыс болуы туралы расталмаған ақпарат Интернетте 12 желтоқсан күні таңертең таралған болатын. Заңгердің өзін-өзі атқаны хабарланған еді.

Михаил Кленчин 1980 жылы 17 қарашада Алматыда дүниеге келген. Қазақстандық заңгер қоғамдық шараларға белсене қатысып, Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорының төрағасы, "Жемқорлыққа қарсы алғашқы медиаорталық" қоғамдық кеңесінің төрағасы, "Қазақстан салық кеңесшілері палатасының" мүшесі, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесі" мүшесі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети