17 қыркүйек 2015 11:08

Қазақстандық екі қылмыскер отанына қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық екі қылмыскер Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаев отанына алып келінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық екі қылмыскер Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаев отанына алып келінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 17 қыркүйекте Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаевты Қазақстанға алып келді.

"ҚР Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес, Финляндия Республикасының Әділет Министрлігі биыл 14 тамызда аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Астана қаласы ІІД іздеуіндегі Боцинянды беру туралы шешім қабылдады. Ол 2009 жылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін, сонымен қатар сату мақсатымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін айыпталуда", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, биыл тамыз айында Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 24 жастағы Қалбаевты қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2014 жылдың 28 ақпанында беларусьтік сот белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

Жеткізілген азаматтар Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети