12 қыркүйек 2014 11:29

Қазақстандық келіншек екі баласын Мәскеуге тастап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото КТК арнасының кадрынан алынды Фото КТК арнасының кадрынан алынды

Қазақстан азаматшасы Мәскеуге қос бірдей баласын тастап кетіп, белгісіз бағытқа қарай қашып кеткен. Ал балаларды Мәскеудегі жетімдер үйінен Қызылжарға елшілік қызметкерлері алып келді. Қазіргі таңда балалар ауруханада жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Қазақстан азаматшасы Мәскеуге қос бірдей баласын тастап кетіп, белгісіз бағытқа қарай қашып кеткен. Ал балаларды Мәскеудегі жетімдер үйінен Қызылжарға елшілік қызметкерлері алып келді. Қазіргі таңда балалар ауруханада жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Екі жасар Амира мен алты айлық Русланның анасы Лилия Идиятова Солтүстік Қазақстан облысында туып өскен. Құжаттарға қарағанда, Қазақстан азаматшасы екі баласын да Мәскеуде әртүрлі әкеден туған. Ол екі баласын балалар үйіне туу туралы куәліктерімен бірге тастап кеткен.

Қазақстанның 40 жастағы азаматшасы Ресей азаматтығын алмаған. Сондықтан оның балалары Қазақстан азаматы болып есептеліп, Қызылжарға жеткізілді. Алайда СҚО Уәлиханов ауданы Телжан ауылынан (балалардың анасының туған жері) оның туыстарын табу әлі мүмкін болмай тұр. "Егер де жарты жылдың ішінде олардың ата-аналары бала тәрбиесімен айналыспайтын болса, оларды іздеп табу мүмкін болмаса, онда балалар басқа жанұяларға қамқорлыққа немесе патронаттыққа берілуі мүмкін", - деп хабарлады СҚО білім басқармасының қызметкері Ғалия Ілиясова. 

Айта кетейік, 12 қыркүйек күні балалар ауруханадан шығарылып, балалар үйіне жеткізіледі. "Егер көкек ана әлі күнге дейін Мәскеуде болса, онда оның өз балаларын теледидардан көруі екіталай. Мүмкін оны қандай да бір туыстары немесе таныстары іздейтін шығар", - дейді телеарна тілшілері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети