17 қаңтар 2017 16:58

Қазақстандық спортшы жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде жол апатынан тоғызқұмалақтан ҚР және Орта Азия чемпионы Алмаз Жақсылықов қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде жол апатынан тоғызқұмалақтан ҚР және Орта Азия чемпионы Алмаз Жақсылықов қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні Центральная көшесінің бойында болған. Toyotа Camry және Land Cruiser 100 автомобильдері бетпе-бет соғысқан. Әлеуметтік желідегілер осы жол-көлік оқиғасы кезінде Land Cruiser 100 маркалы көліктің мас күйде болған жүргізушісі кінәлі деп жазған. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Жеңіл көлікте отырған 1986 жылғы спортшы алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған, ал оның жанында отырған жолаушы, 1989 жылғы қыздың аяғы сынып, ауруханаға жеткізілген. 

ІІБ барлық мән-жайды айтқан жоқ, алайда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі кінәлі екенін растап отыр. Полицейлер оны ұстаған. Оның көлік жүргізу кезінде мас болған-болмағаны белгісіз, бірақ ол ұсталып қамауға алынған. "Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына жабылған. Оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" және "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу", - деді Семей қалалық ІІБ өкілдері. 

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары осы жол апатына кінәлі адамның жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін жазып жатыр. "Кінәлі адамның автосына жалған нөмір тағылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол және оның қасындағы жолаушы оқиға болған жерден кетіп қалған. Олар сол мезетте көліктерінің ұрланғаны туралы арыз жазған", - деп жазады Желі қолданушылары. 

Осы жайтқа бей-жай қарамаған адамдар Алмаз Жақсылықовтың жақындары мен туыстарына көңіл айтып жатыр. Ол ШҚО бойынша аға жаттықтырушы, осы күнге дейін талай дарын иелерін жаттықтырған. 2016 жылы ол жаттықтырған Назель Нұрғалиева тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети