22 қазан 2015 12:13

Қазақстандықтар 36 iPhone-ды қытай шекарасы арқылы өткізбекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© monvente.com © monvente.com

Қазақстандықтар iPhone 6 және iPhone 5S маркалы 36 ұялы телефонын қытай шекарасы арқылы өткізбекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің мәліметінше, екі қазақстандық "Хоргос" бекетінде ұялы телефондарды заңсыз тасымалдағаны үшін ұсталды.

"Бірінші оқиға бойынша, ҚР азаматы ҚХР-дан келе жатқан. Оны тексеру барысында шекарашылар 26 дана iPhone 6 ұялы телефонын тапты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның 29 жастағы азаматшасы ұсталды. Одан 10 дана iPhone 5S ұялы телефоны табылды. Айта кетейік, оларды ұстау бойынша материалдар "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық әйелдің Қытаймен шекарада денесіне жасыру арқылы 15 ұялы телефонды алып өтпек болғаны хабарланған еді. Ал 2014 жылдың мамырында қазақстандық Қытайдан 900 ұялы телефонды алып өтпекші болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети