Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанға құпия құжат алып кірмек болған қырғыз дипломаты ұсталды

09 Желтоқсан 2014, 16:46
0
"Ақ-Жол" - "Қордай" шекара посты. ©Tengrinews.kz
"Ақ-Жол" - "Қордай" шекара посты. ©Tengrinews.kz

Қазақстанға құпия құжат алып кірмек болған қырғыз дипломаты ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғыз Республикасының Шекара қызметіне сілтеме жасап. Ер адам құпия құжаттарды шекара тұрағы арқылы алып өтпек болды.

Өзбекстандағы Қырғызстан елшілігінің қызметкері қызметке пайдаланатын мемлекеттік құпия құжаттармен Қазақстанның "Ақ-Жол" - "Қордай" шекара постында ұсталды. Құпия құжаттары бар дипломаттың ұсталуы жайлы іс Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жіберілді. "Ұсталған адам жайлы нақты ақпаратты әзірше бере алмаймыз. Мәліметтер нақтыланып жатыр", - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сұлайманов. 

Еске сала кетейік, бұл - Қырғызстанда соңғы төрт айда болған тыңшылыққа қатысты екінші дау. 2014 жылдың 4 қарашасында Бішкекте Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері елдің бұрынғы премьер-министрі Амангелді Мұралиевтің ұлы Алтынбек Мұралиевті тыңшылық әрекеті үшін ұстаған еді. Ел үкіметі аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Мұралиевке шетелдік азаматтарға мемлекеттік құпиядан тұратын мәліметтерді берді деген күдік келді. Оның үстінен "Қызметтік құпиядан тұратын мәліметтерді шетелдік ұйымдарға беру немесе оларды сол мақсатпен жинау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Республиканың Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері Алтынбек Мұралиевтің құпия құжаттарды қай мемлекеттің мүддесі үшін жібермек болғанын нақтыламай отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай