Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанның Су-27 ұшағы Қытайда әуежайға апатты жағдайда қонды

02 Қыркүйек 2014, 11:21
0
©korganys.kz
©korganys.kz

ҚР Әуе қорғанысы күштерінің Су-27 истребителі Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялық ауданындағы Иньчуань Хэдун халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды China Military Online. Соның салдарынан әуе хабы уақытша жабылып, бірнеше рейстің кестесін өзгертуге тура келді.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде Қытай армиясының ресми ақпарат құралы - PLA Daily оқиғаның жай-жапсары туралы толық хабарлады. "ҚР ӘҚК Су-27 жойғыш ұшағы 30 тамыз күні "Бейбіт миссия-2014" бірлескен жаттығуынан елге қайтып келе жатқанда зақымданған. Соның салдарынан қазақстандық ұшақтың әскери тобы қосымша жоспарға сәйкес, әуежайға қонды", - деп PLA Daily. хабарлады 

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Су-27-мен бірге әуежайға Ту-134, Ан-72 ұшақтары мен тағы екі Су-27 де қонуға мәжбүр болды. China Radio International-дың мәліметінше, қазір апатты ұшақтан басқалары Қазақстанға оралған. Су-27 жөндеуден соң елге қайтады. Ішкі Моңғолияда өткен "Бейбіт миссия-2014" жаттығуына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан әскерилері қатысты. Бескүндік жаттығу жыл сайын өтеді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер бұл жаттығуды терроризммен күрес мақсатында 2005 жылдан бері ұйымдастырып келеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай