09 шілде 2015 19:46

Қазақтың 20 жастағы модель қызы Мәскеуде жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

"Мәскеу көктемі-2014" байқауына қатысқан 20 жастағы Динара Кисикова Мәскеуде жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Гүлбаршын хабарлады.


"Мәскеу көктемі-2014" байқауына қатысқан 20 жастағы Динара Кисикова Мәскеуде жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Гүлбаршын хабарлады.

Қыздың анасының айтуынша, Динара 3 шілде күні солярийге шығып, оралмаған. Қазір оны Мәскеу полициясы іздестіріп жатыр. Туыстарының айтуынша, қыз өзінің курстасы Руслан Гречихинмен кездесіп жүрген. Анасы қызы туралы ақпаратты жігіттен білуге тырысты, алайда ол да бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған. Қыз бен жігіттің телефондары қазір өшірулі, ал әлеуметтік желілердегі парақшалары жойылған.

Динара Кисикова - Орынбордың тумасы. Ол 2014 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ұйымдастырған сұлулық байқауына қатысқан. Динара каратэмен айналысқан, музыкалық мектептің фортепиано сыныбын үздік бітірген.

Айта кетейік, қызды іздеуге еріктілер де кірісті. Оның жоғалып кеткені туралы хабарлама әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети