30 қазан 2014 09:52

Киевтің тұңғыш кинотеатры - "Жовтень" өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Жанна Нұрланова ©Жанна Нұрланова

Киевтің Подоль деп аталатын ескі орталығындағы "Жовтень" кинотеатрында өрт шықты. Кинотеатр ғимаратына қалалық ТЖД бірліктері келіп, 50-ге жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Киевтің Подоль деп аталатын ескі орталығындағы "Жовтень" кинотеатрында өрт шықты. Кинотеатр ғимаратына қалалық ТЖД бірліктері келіп, 50-ге жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Куәгерлердің айтуынша, өрт 29 қазанда сағат 21.30-да шыққан. Халықаралық "Молодость" кинофестивалінің Facebook әлеуметтік желісіндегі қоғамдастығында біреулердің "Жовтень" кинотеатрын SUNNY BUNNY фестиваль бағдарламасы аясында "Летние ночи" фильмінің сеансы өтіп жатқан кезде өртеп жібергенін хабарлады. "Сеанс кезінде біреу түтіндету құтысын тастады, бірінші қабатта бірдеңе тарс етті", - деп жазылған әлеуметтік желіде.  

Куәгерлер сонымен бірге қақтығыстың "Жовтень" кинотеатрын жалдаған адамдар мен қала әкімдігінің ортасында шығуы мүмкін екенін айтады. Киевтік баспасөз беттерінде қалалық әкімшілік "Киноман" ЖШҚ-мен ("Жовтень" кинотеатры) үш жылға жаңа келісімшартқа отыратынын уәде еткені жазылған болатын. Сонымен бірге, "Жовтень" орналасқан Подоль ауданының бөлігінде жаңа құрылыстар жүріп жатыр. Кинотеатрдың алдында құрылыс нысанын бірнеше рет салып бастағысы да келіпті. 

"Жовтень" кинотеатры Киевтің тұңғыш кинотеатры, ол 1931 жылы ашылған. Бұл жер қазір жастардың, киносүйерлердің орны, қазір мұнда көптеген халықаралық кинофестивальдер мен кинопремьералар болып тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети