17 шілде 2018 15:58

Кілем жууға барып, қайтыс болған: Астана маңындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Нұра-Есіл арнасына кілем жууға барған астаналық 43 жастағы әйел мен оның екі қызы қайтыс болған еді. Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиға болған жерге барып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.


Астанада Нұра-Есіл арнасына кілем жууға барған астаналық 43 жастағы әйел мен оның екі қызы қайтыс болған еді. Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиға болған жерге барып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.

Пригородный тұрғын алабы Астана маңында орналасқан. Осыған дейін ол жер бос жатқан, кейінірек онда әуежай қызметкерлері тұрған. Ал қазір мұнда басқа өңірлерден келгендер көп екен. Олардың көбі қалада жұмыс істейді.

Тұрғын үйлер осы арнадан бірнеше метр жерде орналасқан. Арнаның бойында үйілген топырақ пен қамыстар қаптағандықтан кейбір жол белгілері көрінбей қалады. Арнаның тереңдегі кейбір жерде 5 метрге дейін барады.

Бірақ жергілікті тұрғындар бұл белгілерге назар аудармайтын сияқты. 

"Балалар арнаға қарай жүгіреді. Оларды барынша бақылап отыруға тырысамыз. Бірақ бір сәт қарамай қалсаң... арна өте жақын орналасқан", - дейді жергілікті тұрғын.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар әйел мен оның қыздары батып кеткен жерді көрсетті.

Қайғылы оқиға болған жер.

Қайтыс болған әйелдің үйі осы маңда орналасқан. Үйінің есігі жабық. Көршілерінің айтуынша, бір күнде әйелі мен екі қызынан айырылып қалған ер адам Қызылорда облысына жерлеу рәсіміне кетті.

"Ол менің анамның інісінің қызы еді. Сағат 10-дарда хабарласып, палас жууға кетіп бара жатқанын айтып, шөтке сұраған еді. Содан кенже қызы келіп алып кетті. Шамамен сағат 11.00-лерде олар кілем жууға кетті. Көршілер оларды көріпті. Олар онда кілемнің тез кеуіп қалатынын айтқан", - дейді қайтыс болған әйелдің туысы Әйгерім.

"Мен оның телефонында соғылған қоңыраулардың ең соңғысы болып тұрдым. Маған шамамен сағат 15.00-де сол телефоннан қоңырау түсті. Олар маған тезірек арна жаққа келуімді айтты. Мен өзім қала жақтан келе жатқан едім. Күйеуіме хабарластым", - дейді Әйгерім.

Әрі қарай ол көзіне жас алып, барлығын еске алды.

"Полицейлердің қоңырауынан кейін бірінші болып оқиға орнына күйеуім келдім, мен он минуттан соң келдім. Онда менің тәтем қызымен жатты. Бізге барлығы кеш деп айтты. Тұңғыш қызын көре алмадым, сүңгуірлер оның денесін бір сағаттан соң алып шықты", - деп еске алды Әйгерім.

Оның айтуынша, қайтыс болған әйел жүрегінің ауыруына байланысты соңғы 4 ай уақыт еш жерде жұмыс істемеген. Осы жағдайдың алдында бірнеше күн бұрын ол металлургиялық компаниялардың бірінде тәжірибеден өтіп жүрген екен.

"Сейсенбі мен сәрсенбі күндері тәжірибеден өтіп жүрді, ал бейсенбі күні оның жүрегіне аппарат қойылды. Екі қызы бар. Басқа ешкімі жоқ", - деді Әйгерім.

Өткен айда осы жерде қайғылы жағдай болыпты - бір күнде бірден төрт бала суға батып кеткен.

Еске сала кетейік, осыған дейін кілем жууға барған әйел мен оның екі қызының суға батып кеткені хабарланған болатын.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның айтуынша, 9-19 шілде аралығында Қазақстанның су қоймаларында 46 адам, оның ішінде 11 бала көбінесе қорғалмаған аудандарда батып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети