Көк-Төбеде тағы да өрт шықты

12 Тамыз, 15:32
0
Көк-Төбеде тағы да өрт шықты - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Көк-Төбеде тағы да өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы куәгерлер айтты. Өрттің видеосы Instagram желісіндегі kris.p.almaty парақшасында жарияланды.

ТЖД мәліметінше, өрт сағат 13.52-де басталған.

"Медеу ауданында шыққан өртті тағы сөндіріп жатыр. Нұрмағамбетов көшесінде 1 гектарға жуық аумақ өртке оранды. Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД өкілдері мен арнайы техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдай департаментіндегілер.

Еске салайық, кеше Көк-Төбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді. "Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ", - деп жазған болатын қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында. 

Көк-Төбедегі өрт: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай