31 шілде 2017 13:45

Көкпар тартып алматылық әйелдің көлігін бүлдіргендер жазаға тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысының полицейлері Қарғалы ауылында көкпар тартып, жүкті әйелдің көлігін бүлдіргендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында бұл жағдай туралы Алматы тұрғыны Анастасия Кулакова әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген болатын. 

"Интернетте таралған видео қарауға алынды. Бұл дерек ресми түрде Қарасай аудандық ІІБ-де тіркелді. Көкпарға қатысушылардың тұлғасы анықталғаннан кейін, кінәлілер жазаға тартылады", - дейді Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Зардап шеккен әйелдің сөзінше, оқиға 29 шілдеде Қарғалы ауылында болған. 

 "Жол үстімен маған қарсы 15-20 шақты жігіт атпен келе жатты. Тоқтауға мәжбүр болдым. Көкпар тартысып жатқандықтан жылқылармен итерісіп жатты. Сөйтіп тұрғанда жылқылардыің бірі менің көлігіме шығып кетті", - дейді әйел. 

Оның айтуынша, көкпаршылар жолдың көлік қарсы жүрер жағымен ары қарай тартысып кете берген. 

"Шығынды кім өтейді? Декретте отырған әйел үшін бұл үлкен шығын. Ал бастысы бұл жігіттерге жол үстінде тартысуға болмайтынын кім түсіндіреді?! Жылқының тұяғы менің басыма тигенде не болар еді? Құзырлы органдар бұл мәселені шешеді деген үміттемін!", - деп жазыпты Анастасия Кулакова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети