Көкшетауда 16 жастағы студент қыз жоғалып кетті

14 Қараша, 13:15
0
Көкшетауда 16 жастағы студент қыз жоғалып кетті -

Ақмола облысының полицейлері 16 жастағы колледж студентін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16 жастағы Расула Жанашеваның жоғалып кеткені туралы хабар 13 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына түскен. Анасының айтуынша, 8 қарашада қаладағы колледжердің бірінде оқитын 1-ші курс студенті  Зеренді ауылында тұратын әкесіне баратынын айтқан. Алайда қыз бала ол ауылға жетпеген. Осы уақытқа дейін қыз бала байланысқа шығып отырған. 

"Соңғы рет әйел қызымен 12 қарашада сөйлескен, алайда 16:00-ден кейін кәмелетке толмаған қыздың телефоны сөндірілген. Қыздың құрбысының айтуынша, Расула өздігінен елордаға кетіп қалуы мүмкін. Алаңдаған ана полицияның көмегіне жүгінген. 

Қазіргі уақытта полицейлер жоғалған қыздың туыстары мен таныстарынан, достарынан, көршілерінен сұрау алып жатыр. Арнайы топтар Ақмола облысының көрші аудандары мен Нұр-Сұлтан қаласында іздеп жатыр", - делінген ПД хабарламасында. 

Расула Жанашеваның бойы - 160-165 сантиметр, орташа денелі, шашы қара түсті. Тісінде брекет бар, оң алақанында татуировкасы бар. Үстінде ақ күртеше киген, қара түсті водолазка және қара түсті джинсы киген. 

Полицейлер Расула Жанашеваны көрген не білген адамдар оны табуға септігін тигізетін кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай