Көкшетауда 8 жастағы оқушы балалар ауруханасында қайтыс болды

15 Шілде 2018, 17:31
0
Көкшетауда 8 жастағы оқушы балалар ауруханасында қайтыс болды - Ақмола облыстық балалар ауруханасы. © lgorod.kz
Ақмола облыстық балалар ауруханасы. © lgorod.kz

13 шілдеде Ақмола облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 8 жастағы бала қайтыс болды. Ол ауруханаға уланды деген диагнозбен жеткізілген. Осы дерекке қатысты Ақмола облыстық ІІД органы тергеу шараларын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысты сараптама тағайындалғаны және тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. 8 жастағы бала түсініксіз улану диагнозымен түскен. Ол 13 шілдеде қайтыс болды. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий мен Ақмола облыстық балалар ауруханасының бас дәрігердің орынбасары Елена Иванова баланың ауруханаға түскенін және қайтыс болғанын растады. 

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша мәлімет береміз", - деді Иванова. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай