12 тамыз 2015 11:51

Көкшетауда бір қыз жыныстық құлдыққа 20 мың теңгеге сатылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Көкшетауда жезөкшелікпен айналысуы үшін бір қыз 20 мың теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетауда жезөкшелікпен айналысуы үшін бір қыз 20 мың теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД ҰҚҚБ қызметкерлері адам саудасы және сексуалдық мақсатта пайдалану дерегін анықтады.

Бірінші жағдай бойынша, полицейлер 32 жастағы көкшетаулық ер адамды әшкереледі, ол 29 жастағы қызды 20 мың теңгеге сатып жіберген. "Қазіргі таңда ер адамға қатысты ҚР ҚК 128-бабы 1-бөлігі бойынша - "Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау" қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, ол 5 бес жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. 

Екінші оқиға бойынша, полицейлер Көкшетаудың 51 жастағы тұрғынын ұстады, ол әйел жеңгетайлықпен айналысқан. Әйелден заттай айғақтар тәркіленді. "Әйелге қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша - "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық" қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети