Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Көкшетауда полицейлер суицид жасағысы келген жігітті райынан қайтарды

08 Желтоқсан 2014, 15:17
0
©snob.ru
©snob.ru

Ақмола облысының полицейлері суицидтің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Көкшетауда полицейлер жас жігітті көпқабатты үйдің терезесінен секірмей, ақылға келуін бір жарым сағат бойы сұрады.

Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түскі уақытта ер адам полицияға телефон соғып, кішкентай қызын әкеп бермесе, өзін-өзі өлтіретінін айтты. 

"Ұрыс болған шығар, сөйтіп іс ажырасуға дейін барған болуы керек. Ол осылайша өзінің қызын қайтарып алғысы келді. Полицейлер онымен сөйлесе бастады. Шамамен бір жарым сағат уақыт бойы подъездегі тереза алдында отырды. Аяғын шығарып отырды. Оның әлі жас екені, суицид жасамау керектігі айтылды. Келісуге болатынын, әңгімелесу керектігі сөз болды. Өмірін қор қылмауы керектігі айтылды", - деп хабарлады Ақмол облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук. 

Ол төтенше оқиға болған жерге барлық жедел әрекет ету қызметі жұмылғанын айтты. Ер адамның туысқандары да келді. Тіпті Ақмола облыстық әкімшілік полиция басқармасының басшысы да әңгімелесті. "Ол подъезге ешкімнің кірмеуін талап етті. Көпшілік тұрғын үйлеріне кіре алмады, себебі жігіт подъезге біреу кірсе секіретінін айтты. Біз оның қызы мен әйелені алып келдік, бірақ жақындатпадық және оған көрсетпедік. Қандай ойы бар екенін кім білсін, қорықтық. Ол өз қызы мен әйелінің көзінше секіріп кетуі мүмкін еді", - деді Гүлнара Пинчук. 

Көп уақыт бойы әңгімелескеннен кейін ер адам полицейлердің айтқанын істеді. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері сараптама жасалатынын, оның ішінде суицид жасауға талпынған сәтінде ер адамның ішімдік ішкен-ішпегені анықталатынын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай