14 қараша 2017 09:11

Көкшетауда тойға бара жатқан адамдар жантүршігерлік жол апатына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

11 қарашада күндізгі уақытта Астана-Петропавл тасжолында Көкшетаудан 10 шақырым жерде болған жол апатына қатысты деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


11 қарашада күндізгі уақытта Астана-Петропавл тасжолында Көкшетаудан 10 шақырым жерде болған жол апатына қатысты деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Toyota Land Cruiser Prado көлігінің 52 жастағы жүргізушісі (Екібастұз тұрғыны) көлік тізгініне ие бола алмай,  Mitsubishi Delica көлігінің 34 жастағы жүргізушісімен (Алматы облысы Қорғас ауылы)соғысып қалған болатын.

Телеарнаның мәліметінше, Көкшетау-Петропавл тас жолында болған сұмдық жол апатынан бір көліктегі 4 адам қаза тапты. "Ланд крузер Прадо" мен "Делика" бетпе-бет келіп соғысып, екі көліктің де сау-тамтығы қалмаған. Жол апатынан зардап шеккен 6 адам қазір ауруханада жатыр. Олардың бірі - сәби.

"Барлығының жағдайлары өте қиын. Жарақаттары көп алған. Бәрі ем алып жатыр. Қажет болған науқастарға жедел операция жасалды", - деді травматолог- дәрігер Мұратбек Бекмұхамбетов.

Телеарна мәліметінше, "Деликада" болған жігіттердің біреуінің беті бері қараған. "4 адам Астанаға кетіп бара жатыр едік. Қарсы жақтан екінші жолақта "Прадо" келе жатты. Аяқ астынан оның артынан басқа джип атып шықты да, бізге бетпе-бет келіп қалды. Оңға кетіп үлгермедік. Ар жағы есімде жоқ", - дейді зардап шегуші Рамазан Қаһаров.

"Деликадағы" 4 жігіт құрылысшылар екен. Солтүстік Қазақстанда көпір салып болып, Астанаға қайтып бара жатқан. Ал оларға қарсы келген джип Екібастұздан шығыпты. Ондағы қаза тапқан төртеудің екеуі - ерлі-зайыптылар", - дейді телеарнадағылар.

Жансақтау бөліміндегі адамдардың екеуінің жағдайына дәрігерлер әлі де алаңдаулы. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети