16 қазан 2015 10:25

Көкшетаулық жезөкше құрбысын интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда жезөкше өзінің құрбысын интимді қызмет көрсетуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетауда жезөкше өзінің құрбысын интимді қызмет көрсетуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қазанда Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне Зеренді ауданының 1987 жылғы тұрғыны хабарласқан. Ол шағымында Красный Яр аймағында танысының 12-15 қазан аралығында физикалық күш көрсету арқылы өзін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтады.

Полициядағылар 1981 жылғы күдіктінің жезөкшелікпен айналысатынын айтты. Ол құрбысын қонаққа шақырады. Бірнеше күн өткеннен кейін қонақ құрбысы үйіне қайтуға жиналады, осы кезде үй иесі оған өзінің қонақжайлылығы үшін қайтарым жасау керектігін айтып, оны ұрып-соғады. Ол қонақ құрбысыынң телефонын, жеке бас куәлігін тартып алып, ешқайда қашып кетпеуі үшін аяқ киімін жыртып тастаған.

"Ұрлықшы" қонақ қыз интимді қызмет көрсету үшін жігіттерді шақырған. Қыз осы жағдайды пайдаланып, анасына қоңырау шалады. Полицейлер оны құлдықтан құтқарды. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Ол "Заңсыз түрде адамды бас бостандығынан айыру" бойынша жауапкершілікке тартылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети