09 маусым 2014 19:13

Көлік апатынан Алматы облысында 15 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz Фото vesti.kz

Алматы облысында жол көлік апатынан үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.


Алматы облысында жол көлік апатынан үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуіне қарағанда, жол көлік апаты Алматы-Өскемен бағытындағы тас жолда Mitsubishi Delica жеңіл автокөлігі мен Mercedes Sprinter шағын автобусының соғылуынан болған.  

Ішкі істер департаменті жол көлік апатынан 15 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.  Оларға бұл оқиға жайында жеңіл автокөлікте болған жолаушылар хабарлаған. Оқиға орнында Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазір апаттың қалай болғаны анықталу үстінде.

Еске салайық, Алматы облысында  28 сәуір күні адам өліміне апарып соқтырған тағы бір жол көлік апаты орын алған болатын. Бұл апатта Lexus автокөлігі Алматы-Бішкек жолында аударылып қалып,  5 адам қайтыс болды. "Джипті басқарып отырған 47 жастағы әйел мен үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болып, үш ер адам Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жатқызылған. Олардың біреуі есін жимастан сол ауруханада көз жұмды. Ал қалған екеуі қазір дәрігерлердің бақылауында" - деді Ішкі істер департаментінің қызметкерлері.

Бас прокуратураның есебінше, 2014 жылдың соңғы үш айында жол көлік апатынан 383 адам көз жұмып, 728 адам түрлі жарақат алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети