16 наурыз 2017 15:23

"Қорада жатып, жеммен тамақтандым" - Консулдық Алматыда табылған ресейлік жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Образцов Юрий Образцов

Ресейдің Қазақстандағы консулдығы физик Юрий Образцовқа Ресейге қайтуына қажетті құжатты берді. Енді ер адам үйіне жексенбіде Алматыдан тікелей рейспен баратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей консулы Ирина Переверзеваға сілтеме жасап.


Ресейдің Қазақстандағы консулдығы физик Юрий Образцовқа Ресейге қайтуына қажетті құжатты берді. Енді ер адам үйіне жексенбіде Алматыдан тікелей рейспен баратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей консулы Ирина Переверзеваға сілтеме жасап.

"Бұл оқиға сейсенбіде басталды. Біз визаға қатысты мәселені тез арада шеше алмадық. Себебі визаны алуға уақыт керек, бірақ Юрийді тапқан еріктілер Новосібір өкілдерімен байланысқа шыға алды. Бұл жерде қиындық туғызған мәселе заңнама бойынша, құжаттарды азаматтың өзі жинауы керек. Бұл ең қиын кезең, себебі ол кезде адам бөтен қалада қай жаққа бару керектігін де білмей қалады. Бірақ еріктілер оған құжаттарды дайындауға көмек берді. Осылайша, құжаттарды тез арада 1,5-2 күнде жинау мүмкін болды", - деді Ирина Переверзева.

"Оның танымал адам екенін анықтадық. Геологиялық барлауға қатысы бар болып шықты. Тәрбие көрген, ұстамды адам. Баспанасыз жүрген мүсәпір адам емес. (...) Ер адам екі жыл бойы қорада тұрған. Оны ол жақтан шығармаған. Образцов тек дала мен жануарларды көрген. Жеммен тамақтанған. Оны қамшымен сабап, соққыға алған. Сондықтан оның есінде ештеңе де қалмаған. Оны бір майкамен көрсең, жылағың келеді. Қазір оған әр үш сағат сайын ботқа беріп жатыр. Бастапқыда Юрийға бір табақ қырыққабаттан жасалған сорпа берген еді. Ол оны бір минутта-ақ жеп қойды", - деді консул.

Қазіргі уақытта Юрий Образцов алматылық Расул Байрамуковтың үйінде тұрып жатыр. Байрамуков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында оның және таныстарының мұндай жағдайға бейжай қарамай, көмек бергендерін айтып өтті.

"Оның үстіне біз көп ұлтты Қазақстанда тұрып жатырмыз. Барлығымыз жағдайды түсініп отырмыз, ата-анамыз осылай тәрбиеледі. Елімізде 138 ұлт өмір сүріп жатыр. Өз-өзін құрметтейтін ер адам осылай жасауы керек. Билетті өз ақшамызға алдық, енді отанына қайтады", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін 2014 жылдан бері Алматы облысында тұтқында болған Новосібірдің физик әрі ядролық қару шығарушысына отанына оралу үшін құжаттардың жіберілгені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша тергеу басқармасының Тергеу комитетіндегілер тергеу бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылы із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстан Республикасының 54 жастағы тұрғынының еңбек құлдығына тартылғаны жайлы мәліметтерді тексеруге кіріскенін айтқан болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети