ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2019 | 18:01
Кордай маңындағы ірі жол апатында зардап шеккендердің жағдайы мәлім болды
Кордай маңында болған ірі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 30 адамға медициналық көмек қажет болды. Олардың екеуі интенсивті терапия бөлімінде, ал біреуіне ота жасалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Жалпы 41 адам зардап шекті. 11 адам қайтыс болды, олардың сегізі оқиға болған жерде, екеуі - Кордай аудандық ауруханасында, біреуі - Гвардиялық медициналық госпитальде.
Қазіргі уақытта 30 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың 24-і Кордай аудандық ауруханасында: екі науқас интенсивті терапия бөлімінде, біреуі ота үстелінде, қалғандары Гвардиялық медициналық госпитальде жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.
Ауруханаға жеткізілгендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Еске салсақ, 20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы - Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.
ЖКО салдарынан қаза болған 11 адамның ішінде 7 Қазақстан және 3 Өзбекстанның азаматы бар. Бір адамның азаматтығы әзірге анықталған жоқ. Ауруханаларға жеткізілген зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар, Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар.
Показать комментарии
Читайте также