26 маусым 2019 12:57

Қорғаныс министрлігі атышулы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исатай Әлібаев. Видеодан үзінді Исатай Әлібаев. Видеодан үзінді

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыстағы жарылыс кезінде әскери қызметшінің түсірген видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыстағы жарылыс кезінде әскери қызметшінің түсірген видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әскери қызметтің өзіндік ерекшелігі бар және мұнда күрделі психологиялық эмоционалдық жүктемелер өзара қарым-қатынаста қиындықтар туындайтынымен ерекшеленеді деп айтқан жөн болар. Бізде әріптестің, әсіресе командирлердің әрекеті туралы талқылау болмайды", - деді Дандыбаев. 

Министрдің орынбасары роликтегі кейіпкердің әрекетіне баға бере алмайтынын айтты. 

"Осы әскери қызметші өзінің қызметтестері туралы теріс пікір білдірген кезде, олар өз кезегінде ТЖ салдарын жою бойынша өз міндеттерін лайықты орындағанын айтқым келеді. Осыдан өздеріңіз баға берулеріңізге болады. Мен оның батыр не қорқақ екенін білмеймін. Мен оған баға бере алмаймын, өмір көрсетеді", - деді Дандыбаев. 

Айта кетейік, 27 жастағы лейтенант Исатай Әлібаев Арыста жойқын апат болған кезде оқиға орнынан бірнеше видео түсірген. Алматылық үйленген, төрт ай бұрын әке атанған - қызды болған. Әскерге ол 2011 жылы шақыртылып, содан бері лейтенант шеніне дейін қызмет еткен. Әлібаев бірнеше метр жерде снаряд түсіп, жарылып жатқанда өлемін деп ойлаған. Соңғы әрі жалғыз тілегі ата-анасын жақсы көретінін айтып, өсиет қалдыру болыпты. Сондай-ақ, түсіру барысында ол сыни ескертулер айтып, кейбіреулердің "қашып кеткені" және олардың "бетпердесі шешілгенін" атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети