Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

"Қорғас-Шығыс қақпасының" пара алған қызметкеріне жаза кесілді

05 Тамыз 2015, 10:29
0
© "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі
© "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі

"Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА кеден бекетінің бас маманы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкімді Панфилов аудандық соты шығарды. Ер адам салмағы 740 келі болатын тауарды Қытайдан Қазақстан Республикасы аумағына кедендік рәсімдеусіз және төлемсіз алып кіруге көмектесуге 35 000 теңге пара алғаны үшін айыпталды.

Соттың шешімімен "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА қызметкері пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілей отырып 2 100 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару және кедендік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі күшіне әлі енген жоқ.

"Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА Алматы облысындағы Панфилов ауданының аумағында орналасқан. Ол бірнеше нысандардан тұрады: ШЫХО - сауда-көрмелік кешендер желісі мен келіссөздер жүргізу алаңы; құрғақ порт - көлік-логистикалық кешен ретінде; индустриялық аймақ өнеркәсіптік кәсіпорын ретінде; қоныстану (тұрғын) аймағы елді мекеннің аумағы ретінде; қосалқы инфрақұрылым мен келешектегі даму аумақтары.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай