30 қазан 2017 13:44

Той кортежіне шыққан Gelandewagen жүргізушісі адам өлімімен аяқталған жол апаты үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында той кортежінің құрамында болған Gelandewagen жүргізушісі үлкен жылдамдықпен Lada көлігіне соғылып, салдарынан үш адамды мерт қылғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысында той кортежінің құрамында болған Gelandewagen жүргізушісі үлкен жылдамдықпен Lada көлігіне соғылып, салдарынан үш адамды мерт қылғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мерке аудандық сотының үкіміне сәйкес Mercedes жүргізушісі Нұрболат Шолпанқұлов ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бабы бойынша кінәлі деп танылып,  9 жылға сотталды және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан да айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. 

Сонымен қатар, сотталушы зардап шеккен тарап өкілдеріне моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс. 

"Азаматтық жауапкер сотталған Шолпанкұлов Нурболат Калдыбаевичтен азаматтық талапкер Агапаша Биналиевичтің пайдасына моральдық шығын ретінде 5 000 000 (миллион) теңге өндірілсін", - делінген сот үкімінде.

Мұнымен қоса, сотталушы арыз берген тараптың қорғашуыға төленген 100 мың теңге шығын өтейді. Сондай-ақ, мемлекет пайдасына 1000 теңге және 1134 теңге 50 тиын көлемінде баж салығын төлейді. 

Оқиға 2017 жылдың 14 шілдесінде болғанын айта кетейік. 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes-Benz Gelandewagen көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ 2114 көлігімен және тағы екі көлікпен соқтығысқан, олардың бірі жол-патрульдік полициясының қызметтік машинасы. Салдарынан ВАЗ жүргізушісі Агапаша Амрулаев әйелінен, ұлы мен қызынан айырылған. 

Сотталушының өзі сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтады. Оның сөзінше, алда келе жатқан кенет тоқтай қалған. Жүргізуші тоқтап үлгермей көлікті қарсы бағытқа бұрған, ал Lada көлігін соңғы сәтте ғанан байқаған. Ал одан кейін қауіпсіздік жастығы іске қосылып, ол есінен танып қалған екен. 

"Мен тек кешірім сұрағым келеді. Өтінем кешіріңіздер. Олай еткім келген жоқ, әдейі жасағаным жоқ", - дейді сотталушы сот куезінде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети