17 қыркүйек 2014 13:27

Қостанай облысында 50-ге жуық оқушы астан уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қостанай облысының Ұзынкөл ауылындағы №1 орта мектепте оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің сәрсенбі күні таратқан мәліметіне қарағанда, мектеп асханасында тамақ ішкеннен кейін өзін жайсыз сезінген 47 бала мен алты оқытушы аудандық ауруханаға көрінген. "Соның нәтижесінде Қостанай қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 11 бала, Ұзынкөл аудандық ауруханасына 23 адам (19 бала мен төрт ересек адам) жатқызылды. Барлығы 34 адам (оның 30-ы бала және төрт ересек)", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Қалған 17 бала мен екі ересек адам дәрігерлердің тексеруінен соң "денсаулығының жақсаруына байланысты" үйлеріне жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети