02 қазан 2015 10:41

Қостанай облысында анасы баласын абайсызда тұншықтырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркін дереккөздерінен алынған сурет Еркін дереккөздерінен алынған сурет

Қостанай облысында жас ана абайсызда баласын тұншықтырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысында жас ана абайсызда баласын тұншықтырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таранов ауданында төрт айлық баланың 24 жастағы анасы туған күнін тойлап, ішімдік ішкен. Келесі күні таңертең баласын емізіп жатқан ол ұйықтап кетіпті. Ұйқыдан тұрған әйел баласының тыныс алмай жатқанын байқаған. Бұл кезде отағасы жұмыста болды. 

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, бала тұншығып өлген, оның аузы мен мұрнын анасының кеудесі басып қалыпты.

Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оның бас бостандығына бір жылға пробациялық бақылаумен шектеу қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети