07 наурыз 2019 09:14

Қостанай облысында ауыл тұрғындарына қасқыр шапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

5 наурызда Қостанай облысы Ашутасты ауылында қасқыр тұрғындарға шабуылдаған, - деп хабарлайды Alau.kz өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.


5 наурызда Қостанай облысы Ашутасты ауылында қасқыр тұрғындарға шабуылдаған, - деп хабарлайды Alau.kz өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында қасқырдың шабуылынан 2007 жылғы баланың зардап шеккені анықталды. Ол баланың аяғын тістеп алған. Сондай-ақ, ересек адамның да зардап шеккені айтылады.

"Олар медициналық көмекке жүгінді, ем алды. Бала қазір Арқалық өңірлік ауруханасында стационарлық ем алып жатыр, ал ер адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Жануардан алынған материал зертханаға жіберілді", - деп хабарлады департаменттегілер.

Ведомство мәліметінше, эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети