21 желтоқсан 2018 09:41

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Үш адам қаза тауып, екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

20 желтоқсанда таңғы уақытта Қостанай облысындағы Рудный - Качар тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Audi мен Daewoo Nexiа бетпе-бет соғысып қалған. Көліктердің бірі соққыдан кейін толықтай өртеніп кеткен. Артынша екінші көлік те өртенген.

Алдын ала нұсқа бойынша, көліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен. Бұған көктайғақтың да себеп болуы мүмкін екені айтылады.

Әкімдік өкілі Ануар Ыдрысов "Еуразия бірінші арнасына"  зардап шеккендердің жағдайын айтып берді.

"1984 жылғы әйел ауыр жарақаттармен Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Басын жарақаттап алған, көкбауыры жарылған. Жағдайы өте ауыр. Науқастың жағдайы өте ауыр. Өкпесіне жасанды тыныс алу аппараты қосылды. Екінші ер адам облыстық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Ануар Ыдрысов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети