06 қыркүйек 2016 15:22

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі айлық нәресте қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жол апаты болып, екі айлық нәресте қаза тапты, - деп хабарлайды Алау порталы.


Қостанай облысында жол апаты болып, екі айлық нәресте қаза тапты, - деп хабарлайды Алау порталы.

Жітіқара маңында жеңіл автокөлік қарсы жолға шығып кетіп, УАЗ көлігімен бетпе-бет соғысқан. Жол апаты 5 қыркүйекте Жітіқара-Пригородный тасжолында болған.

Пригородный ауылының 30 жастағы тұрғыны Rover Honda Concerto автокөлігін басқарып келе жатып, алдында келе жатқан көліктен озбақ болған. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен ол УАЗ автокөлігімен бетпе-бет соғысқан. Қарсы келе жатқан көліктің тізгінінде 44 жастағы жүргізуші болған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Rover Honda Concerto автокөлігінде отырған 54 және 30 жастағы жолаушылар түрлі дене жарақатымен Жеітіқара аудандық ауруханасына жеткізілген. Сонымен қатар, көліктің ішінде екі айлық нәресте болған, ол аурухана жеткізілген уақытта қайтыс болған", - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері таратқан хабарламада. 

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети