ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2019 | 16:26
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза болды
Қостанай облысында 3 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Алау" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында 3 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Алау" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Арқалық - Торғай автожолының 48-шақырымында Lada Granta маркалы автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан", - делінген ведомство хабарламасында.
Жол апаты салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі, 23 жастағы әйел мен бір жасар бала оқиға орнында қаза тапты, тағы төрт жолаушы Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.
"Жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырамыз, әсіресе ауа райы қолайсыз және мұзтайғақ кезінде", - дейді полицейдер.
Показать комментарии
Читайте также