Қостанай облысында өрт кезінде әкесі қызын құтқарамын деп қаза тапты

17 Қаңтар 2018, 12:14
0
Қостанай облысында өрт кезінде әкесі қызын құтқарамын деп қаза тапты - Сурет Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен /alau.kz
Сурет Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен /alau.kz

Қостанай облысында ер адам өрт кезінде үш жасар қызын құтқарамын деп қаза тапты, - деп хабарлайды alau.kz  өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, қыздың анасы да қайтыс болды. 

Оқиға 15 қарашада Меңдіқара ауданында болған. Ер адам үйіне келе жатқан уақытта үйдің өртеніп жатқанын көрген. Ол үйге кіріп үшке толмаған қызын алып шыққан. 

"Ер адамды және оның жарын аман алып қалу мүмкін болмаған. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Оқиға орнында өртке қарсы зертханалық тексеру мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің неден шыққанын анықтайды", - деді ведомство өкілдері. 

Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай