Қостанай облысында өртенген үйден екі адамның денесі табылды

29 Қазан, 14:59
0
Қостанай облысында өртенген үйден екі адамның денесі табылды -

29 қазанда Қостанай облыстық ТЖД апатты жағдайлар басқармасына Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылындағы жеке үйдің жазғы ас бөлмесінде 10 шаршы метрде жиһаз бен жатын бөлме заттары өртенгені туралы ақпарат түскен, - деп хабарлайды "Алау"

Өртті таңғы 08:40-та жергілікті тұрғындар сөндірген. Аудандық өрт сөндіру қызметіне оқиға туралы айтылмаған. 

"Өрт болған жерде екі адамның мәйіті табылды. Олар жергілікті шаруақожалықтарында жұмыс істейтін 60 жастағы және 37 жастағы ер адам екені белгілі болды. Өрттің неден шыққан, адамдардың қандай жағдайда қайтыс болғаны тексеріліп жатыр", - деді ТЖД өкілдері. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай