ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2020 | 15:51
Қостанай облысында өрттен екі адам қаза тапты
6 қаңтарда 01:40 шамасында Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Веренка ауылында жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды "Алау".
ПОДЕЛИТЬСЯ
6 қаңтарда 01:40 шамасында Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Веренка ауылында жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды "Алау".
Үйдің шатыры құлап, толықтай өртеніп кеткен. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өрт 03:32-де ауыздықталып, 07:03-те толығымен сөндірілді.
"Қарабалық ауылындағы орталық аудандық ауруханасына мүмкіндігі шектеулі 1956 жылғы ер адам жеткізілген. Оның денесі 30-40 пайыз күйіп қалған, жағдайы ауыр", - дейді Қостанай облыстық ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ, оқиға орнында екі адамның мәйіті табылды. Олардың кім екендері және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Показать комментарии
Читайте также