12 шілде 2017 13:26

Қостанай-Рудный тасжолында төрт көлік соғысты: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанай-Рудный тасжолында төрт көлік: екі жеңіл, екі жүк көліктері соғысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. 


Қостанай-Рудный тасжолында төрт көлік: екі жеңіл, екі жүк көліктері соғысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Оқиға Қостанай-Рудный тасжолында шамамен сағат 16:40-та 20-шақырымда болды. Майкөл ауылының тұрғыны Audi-80 маркалы автокөлікпен Рудный қаласынан Қостанайға келе жатқан. Тізгінге ие бола алмаған ол қарсы жолға шығып кетіп, Volkswagen Vento автомобилімен соғысқан. 

Volkswagen тізгінінде Рудный қаласының 36 жастағы тұрғыны мен 45 жастағы жүкті әйел болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi-80 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жарақат алған, ал Volkswagen жүргізушісі мен жолаушысы Қостанай қалалық және облыстық ауруханаларына жеткізілген. 

Жол апаты кезінде тасжолда кетіп бара жатқан Shacman маркалы жүк көлігінің рудныйлық 37 жастағы жүргізуші жол апатын көріп, дереу тежегішті басқан. Сол кезде дәл сондай маркалы жүк көлігіне соғысқан. Соның салдарынан екінші жүк көліктің тізгінінде болған 30 жастағы жүргізуші Рудный қалалық ауруханасында көз жұмды. 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті сараптаманы тағайындады. Жол апатының себебі анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети