14 сәуір 2017 10:44

Қостанай тұрғыны қызы зәбір көрген балабақшадан 100 мың теңге өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© playcast.ru © playcast.ru

Қостанай тұрғыны қалалық сотқа балабақшалардың бірінен моральдық шығынды өтеу туралы арыз түсірген, - деп хабарлайды "Алау" басылымы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай тұрғыны қалалық сотқа балабақшалардың бірінен моральдық шығынды өтеу туралы арыз түсірген, - деп хабарлайды "Алау" басылымы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыз түсірушінің айтуынша, 2016 жылдың 30 қарашасында тәрбиешінің көмекшісі оның қызына психологиялық және физикалық тұрғыда зорлық көрскеткен. Содан әйелге шағым түскен соң ол тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сол уақыттан бері кішкентай қыздың жағдайы айтарлықтай нашарлаған.

"Қыз балабақшаға баруға қорқа бастаған, жиі жылай берген. Қорқыныш пайда болып, мазасызданып кеткен. Әкесі оны күнделікті балабақшаға апара жатып оның қорғансыз екеніне алаңдап жүретін. Онымен қоса, тәрбиешілер басқа балалардың ата-аналарын оларға қарсы етіп қойған, ал WhatsApp мессенджеріндегі топта кішкентай қыздың есімі "сөз тасушы" деп өзгертілген", - делінген соттың хабарламасында.

Сот отырысы барысында арызданушының 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың ақпан айлары арасында психолоиялық қысымға байланысты адамгершілік тұрғыдан зардап шеккені анықталды.

Осыған байланысты сот арызданушының өтінішін ішінара қанағаттандырып, қыздың әкесі балабақшадан 101 мың теңге өндіріп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети