17 мамыр 2017 16:34

Қостанайда жанып жатқан үйден егіз бала құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанайда жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Комаров көшесінің тұрғыны 81 жастағы Валентина Степаненко оқиғаның мән жайын айтып берді, - деп хабарлайды Alau.kz. Сонымен қатар, зейнеткер дер кезінде табыла білген қостанайлық электршілердің ерлігін мадақтады. 


Қостанайда жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Комаров көшесінің тұрғыны 81 жастағы Валентина Степаненко оқиғаның мән жайын айтып берді, - деп хабарлайды Alau.kz. Сонымен қатар, зейнеткер дер кезінде табыла білген қостанайлық электршілердің ерлігін мадақтады. 



"Біз үйді айналып шықтық, қанша уақыт кеткенін білмеймін, аз - 40 қадам ғана бастық қой деймін, бір кезде айғайлаған дауысты естідік, сол мезетте өрт шыққанын да көрдік. Алапат өрт, қорқынышты болды. Көрші үй өртеніп жатыр екен. Онда бес бала бар. Энергетика саласының жігіттері дереу әрекет етті. Үйге қарай жүгірдік", - дейді Валентина Степаненко.  

Зейнеткер өрт сөндірушілерді шақыруға кеткен, осы уақытта көршілер де жиналып қалған. Энергетиктер үйдің тогын ағытты. Әжей сыртқа шыққанда ер адамдардың егіз балаларды өртенген үйден алып шығып жатқанын көрген. 

"Үйден шыққан өрт бірден лапылдап жанды. Балалардың жасы бірге де толмаған, олар тым кішкентай болатын. Қатты қорқып қалған. Жігіттер балаларды өз көлігіне отырғызып, тыныштандырды. Үйде тағы үш бала болды. Оларды кім шығарғанын білмеймін. Балалардың жасы 10-ға дейін болатын. Олардың әжесі сыртқа шықты, оның жасы 50-лер шамасында. Барлығы құтқарылды", - дейді зейнеткер. 

Осы жайтты айтып берген әжей енді әлемде жақсы адамдардың барын және электрші-құтқарушыларға қандай да бір марапаттың берілуін қалайды.

Өрт көрші үйлерге көшіп үлгермеген. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, өртті сөндірген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети