27 сәуір 2018 17:07

Қостанайда жүргізуші ғимаратқа соғылып, оқиға орнында қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© siapress.ru © siapress.ru

Қостанайда жүргізуші ер адам ғимаратқа барып соғылып, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Alau.kz.


Қостанайда жүргізуші ер адам ғимаратқа барып соғылып, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Alau.kz.

Басылымның мәліметінше, полицейлер қазіргі уақытта Қостанай-Ұзынкөл тасжолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Жол апаты 20 сәуірде Қостанай-Ұзынкөл тасжолының 125-шақырымында болған.

"33 жастағы ер адам Daewoo Nexia көлігімен келе жатып, ғимаратқа барып соғылған. Нәтижесінде көлік өртеніп кеткен. Жүргізуші оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Басылымның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети