12 наурыз 2015 12:13

Қостанайда мектеп оқушысы 10 күннен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арлан Жүсіпов. ©alau.kz Арлан Жүсіпов. ©alau.kz

Қостанайда 17 жастағы мектеп оқушысы 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Алау"


Қостанайда 17 жастағы мектеп оқушысы 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Алау"

Жеткіншектің жоғалып кеткені туралы хабар ең алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Арлан Жүсіпов 2 наурыз күні үйінен кітапханаға қарай шығып кеткен, содан қайтып оралмапты. Туыстары полицияға шағымданып, аялдамаларға Арланның фотосуреті бар хабарландыруларды ілді. 

Басылымның мәліметінше, туыстары жасөспірімнің бұрын үйінен ескертусіз кетіп қалып көрмегенін айтып отыр, араласатын достары да жақсы болған. 

Жасөспірім №21 орта мектептің 7-сыныбында оқиды, ол тұрғылықты мекенжайға тіркелмеуіне байланысты үш жыл мектепке бармаған. 2005 жылы оның отбасы Қостанайға ауылдардың бірінен көшіп келген. 

Соңғы 1,5 жыл бойы Арлан әпкесімен бірге пәтер жалдап тұрған. Туыстарының айтуынша, ол қол жекпе-жегімен айналысады.

Жоғалып кетердің алдында баланың үстінде қара күрте, аяғында қара кроссовка, басында қара шапка болған. Жасөспірім арық келген, бойы - 170 сантиметр. Басылым Арлан Жүсіповті көргендерге 8-705-445-50-04, 8-702-921-31-80, 57-24-31 немесе 112 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети