Қостанайда орға түсіп кеткен Lexus иесіне айыппұл салынды

21 Желтоқсан 2016, 18:58
0
Қостанайда орға түсіп кеткен Lexus иесіне айыппұл салынды - © alau.kz
© alau.kz

Қостанайда Lexus көлігінің иесі жылдамдықты дұрыс таңдамай, жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 21 мың теңге айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының өкілдеріне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, 9 қарашада түнгі сағат 2.00-де азамат Мүкімбаев  Lexus LX570 көлігімен Қостанайдағы ІІМ Академиясының маңында Арыстанбеков көшесімен келе жатып, дұрыс жылдамдық таңдамай, тізгінге ие бола алмай қалған. Сөйтіп, ол қазылған орға түсіп кетіп, "Мега" ЖШС-на материалдық шығын келтірген.


© alau.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігінде қарастырылған ережені бұзған - Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы. 

Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты 1950 жылғы азамат Мүкімбековқа қатысты істі қарап, оған мемлекет кірісіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай